Аптап ыстыққа «дауа»: термалды суды қалай пайдаланамыз?

Аптап ыстыққа «дауа»: термалды суды қалай пайдаланамыз?
Фото: yapokupayu.ru

Термалды суды күнделікті күтімге қосу терінің жастығын, саулығын және табиғи сұлулығын сақтауға көмектесетінін білесіз бе? Ендеше осыдай судың пайдасы мен оны қалай қолдану керегін талдаймыз. 

Термалды суды бет пен дене күтіміне пайдаланады. Сезімтал, тітіркенуге бейім және құрғақ тері үшін таптырмас құрал. Дегенмен термалды судың әсері оның құрамына байланысты. Сондықтан оны таңдағанда ерекшелігін ескертіп, тері түріне сай келетін түрін таңдаған дұрыс.

Минералдардың мөлшеріне қарай термалды су үш түрі бар: гипотониялық, изотониялық, гипертониялық.

фото: irecommend.ru
фото: irecommend.ru

Гипотониялық термалды су

Мұндай судың құрамында минералды тұздар аз. Сондықтан оны төмен минералданған термалды су деп те атайды. Минералдардың мөлшері 9 мг/л-ден аспайды. Аты айтып тұрғандай бұл су сезімтал теріге таптырмайды. Бетке бүріккенде-ақ өте жұмсақ әсерін сезесіз. Терінің тітіркенуін басады. Қызаруды азайтып, қабынуды жеңілдетеді.

фото: beautyinsider.ru
фото: beautyinsider.ru

Изотониялық термалды су

Бұл жерде миндералды тұздар аз да емес, көп те емес. МОндағы тұздардың концентрациясы 11 мг/л-ге дейін жетеді. Бұл адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтардың құрамына жақын. Изотониялық термалды су теріні ылғалдандырады, минералдардың тапшылығын толықтырады, күнделікті күтімге өте қолайлы.

https://www.beautyinsider.ru/
https://www.beautyinsider.ru/

Гипертониялық термалды су

Бұл – минералдарға бай су. Оның құрамында 1 литрге шаққанда 11 мг-нан астам минералды зат болады. Гипертониялық термалды су май бездерінің жұмысын реттейді, теріні тазартады,  қабынуды басады, майлы әрі безеуге бейім теріге жақсы әсер етеді.

https://www.beautyinsider.ru
https://www.beautyinsider.ru

Термалды судың пайдасы

Термалды су терінің саулығын жақсартып, күтімнің тиімділігін арттырады. Негізінен теріні терең ылғалдандырады, ылғалдың жоғалуына жол бермейтін қорғаныш қабатын қалпына келтіреді, сергітіп, жайлылық сыйлайды. Тітіркенген теріні тыныштандырады, жұмсартып, серпімділігін арттырады. Безеу кезінде қара нүктелер мен қабынуды азайтуға көмектеседі. Ісінуді басып, бетті біркелкі етеді. Макияжды ұзақ сақтауға көмектеседі.

Дене күтіміне де әсері зор. Жарақаттан, қабынудан немесе агрессивті косметикалық процедуралардан кейін қалпына келу процесін жылдамдатады. Сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, бактерияларға қарсы әсер етеді. Қабыну мен инфекцияның дамуын тежейді. Тері майының бөлінуін қалыпқа келтіреді. Құрғақтықты, қабыршақтануды және тартылу сезімін азайтады. Зат алмасу мен қан айналымын жақсартады.

фото: rivegauche.ru
фото: rivegauche.ru

Термалды судың нақты әсері оның құрамындағы минералдар мен олардың мөлшеріне байланысты. Сондықтан алғаш қолданар алдында өнімнің құрамымен және қандай әсер беретінін мұқият оқып шыққан дұрыс.

Термалды суды қалай қолданады?

Термалды суды бірнеше тәсілмен пайдалануға болады. Күні бойы сергіту үшін пайдалансаңыз да болады. Әсіресе, жүкті келіншектер перзентханаға керек заттарын жинағанда термалды су сатып алып жатады.

Термалды суды бүріккіш арқылы бетке, мойынға және декольте аймағына шашыңыз. 2-3 минуттан кейін су толық сіңбесе, артық мөлшерін таза майлықпен жайлап алып тастаңыз. Суды сепкенде-ақ сергіп қаласыз.

Егер демалыс кезінде теріңіздің күйгенін байқасаңыз, термалды су шашып қойсаңыз, нәтижесін бірден байқайсыз.

Күтім кезінде пайдаланамын десеңіз, бетіңізді тазалап, тонер қолданғаннан кейін термалды суды шашып, аздап сіңгенін күтіңіз. Содан соң крем жағыңыз. Осылайша судағы минералдар креммен бірге жақсырақ сіңіп, күтімнің әсерін күшейтеді.

Мақта дискісін термалды суға малып, оларды 10–15 минутқа бетке немесе қабынған жерлерге қойыңыз. Мұндай компресс теріні терең ылғалдандырады, қызаруды азайтады. Тітіркенуді басып, жайсыздық сезімін жеңілдетеді. 

Әсіресе, осындай ыстық күндері сөмкеге сыятындай кішкентай түрін сатып алып, офисте де, далада да бетке сепсеңіз болады. Бірақ далаға шыққанда міндетті түрде СПФ жағуды ұмытпаңыз.

фото: magnific.com/author/freepik
фото: magnific.com/author/freepik

Термалды суды оның құрамындағы минералдарға қарай таңдаған дұрыс.

 Мырыш (цинк) пен күкірт – тері майының бөлінуін азайтады, қабынуды басады. Майлы және безеуге бейім теріге қолайлы.

Кремний мен селен – теріні тыныштандырады, қызару мен қышуды азайтады, қорғаныш қызметін күшейтеді.

Селен – күшті антиоксидант. Ол терінің қартаюын баяулатып, оны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

Калий мен натрийге бай су – теріні жақсы ылғалдандырады, пайдалы элементтердің орнын толтырады әрі косметикалық құралдардың белсенді ингредиенттерінің жақсы сіңуіне көмектеседі. Мұндай су кез келген тері түріне жарайды.

Кейбір термалды сулардың құрамына өсімдік сығындылары, эфир майлары, гиалурон қышқылы немесе ниацинамид сияқты қосымша белсенді компоненттер де енгізіледі. Олар теріні тереңірек ылғалдандырып, қабынуды азайтып, макияждың ұзақ сақталуына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз