Аптап ыстық пен найзағай: 14-16 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

Аптап ыстық пен найзағай: 14-16 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: El.kz архиві

«Қазгидромет» 14-16 тамыз күндеріне Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына болжам жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, үш мегаполисте ауа райы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: елордада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық сақталады.

Астана: аптаптан кейін жаңбыр жауады

14 тамызда Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді, күндіз екпіні 15 м/с болуы мүмкін.

Түнде ауа температурасы +14...+16°C, күндіз +32...+34°C болады.

15 тамызда елордада ауа райы өзгереді. Құбылмалы бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C шамасында сақталады.

16 тамызда жаңбыр мен найзағай кей уақытта қайталануы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз ауа температурасы +23...+25°C-қа дейін төмендейді. Яғни Астанада 14 тамыздағы аптап ыстықтан кейін ауа температурасы бірден төмендеп, жаңбырлы әрі найзағайлы күндер басталады.

Алматы: аптап ыстық сақталады

Алматыда алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді.

14 тамызда қалада күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел кешке қарай солтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метр болады.

Түнде ауа температурасы +23...+25°C, ал күндіз +35...+37°C-қа дейін көтеріледі.

15-16 тамызда да жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында болады.

Түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C ыстық сақталады. Демек, Алматы тұрғындарын алдағы күндері салқын ауа райы емес, тұрақты аптап ыстық күтіп тұр.

Шымкентте +40°C-қа дейін ысиды

Үш қала арасында ең жоғары температура Шымкентте болжанып отыр.

14 тамызда қалада жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Түнде ауа температурасы +22...+24°C, ал күндіз +38...+40°C-қа дейін көтеріледі.

15-16 тамызда жауын-шашын күтілмейді. Жел алдымен солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Оның жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде +23...+25°C, күндіз +38...+40°C ыстық сақталады.

Осылайша ең ыстық ауа райы Шымкентте болады – күндіз ауа температурасы +40°C-қа дейін жетуі мүмкін. Алматыда да аптап ыстық сақталады.

Ал Астанада 14 тамыздағы +34°C ыстықтан кейін жағдай күрт өзгереді: 15-16 тамызда жаңбыр мен найзағай күтіліп, 16 тамызда ауа температурасы +23...+25°C-қа дейін төмендейді.

Сондықтан үш қала тұрғындары үшін алдағы демалыс күндерінің ауа райы әртүрлі өтпек: Астанада – құбылмалы әрі жаңбырлы, Алматыда – аптап ыстық, Шымкентте – +40°C-қа дейінгі ыстық.

Оқи отырыңыз