Жаңалықтар

Апта ішінде әлемде қандай оқиғалар орын алды?

Апта ішінде әлемде қандай оқиғалар орын алды?
Фото: Сыртқы істер министрлігі 05.03.2023 13:18 960

Еl.kz АА соңғы аптада орын алған әлемдегі қызықты оқиғаларға шолу жасады.

Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан туралы ең көп талқыға түскен тақырыптың бірі – Ресейдегі қазақстандық сауда өкілдігінің жабылуы болды.

Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясымен өзара әрекеттің жоғары деңгейін ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру процесі аясында Ресейдегі республикамыздың сауда өкілдігін тарату туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл қазіргі таңда қазақстандық бизнес үшін ресейлік бағытта жұмыс істеу мен барлық операциялық мәселелерді шешу үшін барлық институционалдық жағдай жасалғандығымен байланысты, деп жазады asiaplustj.info.

Сондай-ақ осы аптада шетелдік ақпарат агенттіктері Ресей тарапынан қатердің жоқ екендігі туралы ҚР СІМ басшысының мәлімдемесін жарыса жариялады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан билігі қазіргі уақытта Ресей тарапынан қандай да бір қатерді сезініп отырмағандығын және көрмегендігін атап өтті, деп хабарлайды  centralasia.media.

Қазақстан әлемнің барлық мемлекетімен өзара тиімді әріптестік үшін көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыруда. Тілеуберді Қазақстан ресейлік компаниялардың санкциясынан жалтаруының қандай да бір мүмкіндігінен құтылуға тырысатындығын алға тартты.

Өз кезегінде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Орталық Азияға Украинадағы жағдайдың ықпалы туралы пікір білдірді.

Бұл бүкіл әлемдегі, соның ішінде осы жерде – Орталық Азиядағы адамдар үшін қиындықтың себебі болып қала береді. Осы агрессияның екінші және үшінші толқынының салдары сезіліп отыр. Шын мәнінде, бұдан Орталық Азияның бірқатар өңірі, соның ішінде Өзбекстан қатты зардап шекті, ол жақта адамдар азық-түлік пен энергия тасымалдаудағы бағаның өсуін қатты сезінуде. Әдеттегідей, бұл ең осал жерден соққы жасайды. Міне, сол үшін Құрама Штаттар бұл өңірге 16 млн доллардан асатын сомаға шұғыл азық-түлік көмегін ұсынды, - делінген centralasia.media. таратқан хабарламада.

Орталық Азия мемлекеттері үшін дін саласындағы қызықты тақырыптың бірі – 2023 жылғы қажылық. Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы барынша қолайлы жағдайда қажылық өтегісі келетін жамағатқа арнап қызметтің VIP-пакетін ұсынды, деп хабарлайды  24.kg.

Өткен аптадағы қызықты жаңалықтардың бестігін БҰҰ басшысының гендерлік теңдікке ықпал ету үшін инновацияны қолдану туралы мәлімдемесі тәмамдайды.

Антониу Гутерриш 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жасаған мәлімдемесінде гендерлік теңдікті ілгерілету үшін технологиялар мен инновацияны қолдануға шақырды, деп жазады russian.news.cn.

Биыл БҰҰ Халықаралық әйелдер күнінің тақырыбын «DigitALL: гендерлік теңдік үшін инновация мен технология» деп жариялады.

Өз жолдауында Гутерриш технологиялар әйелдер мен қыздар үшін білімге жол мен мүмкіндікті кеңейтіп қана қоймай, қатігездік пен өшпенділікті күшейту үшін де қолданылуы мүмкіндігін атап өтті.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға