Apple компаниясының алғашқы жиналмалы смартфонында экранға қатысты тағы бір ақау анықталды

Apple компаниясының алғашқы жиналмалы смартфонында экранға қатысты тағы бір ақау анықталды
Фото: ЖИ иллюстрациясы

Apple компаниясының алғашқы жиналмалы смартфоны iPhone Duo экранына қатысты тағы бір ықтимал ақау тіркелді. Әлеуметтік желіде тараған видеода MacBook Pro құрылғысының ресми парақшасын ашқан кезде смартфон дисплейінің жоғарғы бөлігінде түрлі түсті пиксельдік бұрмаланулар пайда болғаны көрсетілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы хабарлады. 

Apple сайты ашылған кезде ерекше ақау байқалған

Видеоны Тарун Ватс есімді қолданушы X әлеуметтік желісінде жариялаған. Кадрлардан смартфонда веб-парақша ашылған сәтте экранның жоғарғы бөлігінде түрлі түсті графикалық ақаулар пайда болып, артынша жоғалып кететінін көруге болады.

Автор бұл жағдайды құрылғыдағы кезекті бағдарламалық ақау деп бағалаған.

Әзірге бұрмаланудың нақты себебі белгісіз. Жарияланған видеодан мәселенің браузер жұмысына, смартфонның бағдарламалық жасақтамасына немесе дисплейдің өзіне байланысты екенін анықтау мүмкін емес.

Қолданушылар басқа да кемшіліктерді байқаған

Аталған видео Apple компаниясының алғашқы жиналмалы смартфонының сапасына қатысты талқылауды қайта жандандырды. Бұған дейін де желіде құрылғының экраны мен топсалы механизміне қатысты ықтимал ақаулар туралы хабарламалар тараған еді.

Әзірге мұның барлығы жекелеген қолданушылардың байқаған жағдайлары ғана. Apple компаниясы экрандағы графикалық бұрмалануларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сондай-ақ компания бұл ақауды ресми түрде мойындағаны туралы ақпарат жарияламады.

Оқи отырыңыз