Жаңалықтар

АПЛ: Холанд жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады

АПЛ: Холанд жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады
Фото: «Манчестер Сити» ФК 28.02.2024 10:14 391

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Джордж Бесттің рекордын қайталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Бест 1970 жылғы Англия кубогында бес гол соққан.

Opta Sports мәліметінше, Англия кубогының 1/8 финалдық матчында «Лутон Таунға» қарсы ойында (6:2) норвегиялық 58 минутта пента-трик жасады. Қарсыластар бұған дейін АПЛ-нің бірінші турында кездесіп, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лутонды» Джек Грилиштің арқасында оп-оңай жеңген.  

Холанд «Манчестер Ситиге» 2022 жылы жазда Дортмундтың «Боруссия» клубынан ауысып келді.

Бұл маусымда ол «қалалықтар» сапында барлық матчта 30 ойын өткізіп, 25 голмен көзге түсті.

Transfermarkt Холандты € 180 млнға бағалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға