Жаңалықтар

Аңызға айналған Карина Горичева ел чемпионатын бағындырды

Аңызға айналған Карина Горичева ел чемпионатын бағындырды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 19.02.2024 06:28 463

Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионатының кезекті жарыс күні ерлер 73 кг, әйелдер 64 кг дейінгі салмақтағы үздіктерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлер арасында бас жүлде үшін талас Әлібек Рахымберді мен былтырғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ерасыл Сәулебековтің арасында өтті. Бүгін Әлібектің мерейі үстем түсті.

Ерлер, 73 кг:

1. Әлібек Рахымберді (Алматы қаласы) – 306 кг (131 кг+175 кг)

2. Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда облысы) – 293 кг (128+165)

3. Бексұлтан Айтбай - (Қызылорда облысы) – 279 кг (119+160).

Жарыс өте тартысты өтті. Қарсыласымның бәрі жеңіске жетуді қалағаны сезілді. Нәтижеме көңілім толады. Биылғы жоспарым – жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жету, - деді Әлібек Рахымберді.

Әйелдер арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мықтылығын паш етті.

Әйелдер, 64 кг:

1. Карина Горичева (Жетісу облысы) – 198 кг (90+108)

2. Айғаным Жанболат (Алматы облысы) – 190 кг (85+105)

3. Кира Данилова (Ақмола облысы) – 185 кг (84+101).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға