Жаңалықтар

Антикор: Шетелдік компаниялар еліміздегі жол құрылысының қаржысын жеген

Кейіннен нормативтік шарттар болмаған кезде аванс мөлшері артады. 
Антикор: Шетелдік компаниялар еліміздегі жол құрылысының қаржысын жеген
18.08.2022 06:43 1281

Екі шетелдік компания Қазақстанда автомобиль жолдарын салу кезінде мемлекетке 20,8 млрд теңге көлемінде залал келтірді. Бұл туралы брифинг барысында превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Антикор қызметі үкіметтік қарыз қаражатын игеру кезінде сыбайлас жемқорлық рисктері бар екенін анықтады.

Алгоритм келесідей. Тендер барысында жұмыс бағасын өте төмен жеңілдікке істеп бермекші болған шетелдік мердігер анықталады. Мысалы, "СПИК АККОРД" ААҚ 38% жеңілдік ұсынды, қазірдің өзінде жұмысынан қатер бар екенін көрсетті көрсетті. Мердігерге шарт жасалғаннан кейін сенімсіз банк - Fortress Bank (Солтүстік Кипр) арқылы аванс берген, ал ол оффшорлық аймақта орналасқан. Кейіннен нормативтік шарттар болмаған кезде аванс мөлшері артады. Мердігер шарттың талаптарын орындамайды да, онымен шарт бұзылады. Әрі қарай, мердігер еліне кетіп қалады, ал Комитет арбитражға жүгінеді, - деді Саян Ахметжанов.

Оның айтуынша, талдау барысында мемлекетке 20,8 млрд теңге көлемінде залал келтірген екі шетелдік компания анықталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әзербайжандық мердігер "СПИК аккорд" компаниясы Қазақстаннан 26 млн доллар сомасына Ақтөбе – Мақат, 236-275 км жол учаскесін қайта жаңартуға келісімшарт алды (лот № 2). Сол жылы аталған компания қазақстандық "Ақ Жол құрылыс" ЖШС – мен бірлесіп, 21,3 млн доллар сомасына Ақтөбе-Мақат, 418-458 км учаскесін реконструкциялауға тағы бір келісімшарт алды (лот № 6). Қазақстан Үкіметі жолды жөндеуге Азия даму банкінің қарызын тартты.

Ақтөбелік кәсіпкер Марат Унгаровтың айтуынша, әзірбайжандық компанияда Қазақстан аумағында техника мүлдем болмаған. Сондықтан ол оны жергілікті кәсіпкерлерден жалға алды. Жұмыстың бірінші жылында СПИК техниканы жалға алу үшін уақтылы ақы төлеп тұрғанымен, көп ұзамай қазақстандықтарға төлеуді толығымен тоқтатып тастаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға