Жаңалықтар

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосуда

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосуда
Фото: El.kz 01.02.2023 09:02 1223

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Негізгі серпіліс – сөзден іске. Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеуде. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдайды.

Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға