Жаңалықтар

Антикор бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісін анықтады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті
Антикор бизнеске заңсыз араласудың 72 фактісін анықтады
Фото: Антикор 28.11.2022 14:13 942

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Асхат Жұмағалидің басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс тобының және «Атамекен» Ұлттық палатасының кезекті кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Атамекен» Ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай, «Атамекен» Ұлттық палатасының құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылығы, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Кәсіпкерлердің өзекті және проблемалық өтініштері қаралып, топ жұмысының алдын ала қорытындылары шығарылды, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер айқындалды.

Аумақтық департаменттердің қылмыстық істері бойынша бизнестің қатысуымен тергеу әрекеттері едәуір қысқартылды, бұл Агенттік енгізген ведомстволық бақылау тетігінің нәтижесі.

Бизнеспен мыңнан астам тергеу әрекеттерін жүргізуге жол берілмеді, бұл кәсіпкерлерді тергеу кабинеттеріне баруға, іс жүргізу іс-шараларына қатысуға артық уақыт жұмсаудың алдын алады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз араласу және бизнеске қысым жасау фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері осындай 72 факт анықталды, олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды.

Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

Жұмыс тобының келесі отырысы оның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілетін болады.

Кеңес күн тәртібіндегі тағы бір өзекті мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы болды.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу кезінде жеңілдіктер, преференциялар, шартты жеңілдіктер және басқа да қолдау шараларын енгізу мәселесі қаралды (іс-шаралар жоспарының 15-тармағы).

Осы тақырыпты талқылауға қаржы, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қатысты.

Мүдделі мемлекеттік органдармен сындарлы диалог, пікір алмасу өтті, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға