ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Антикор 2,1 млн пара алған атыраулық шенеунікті ұстады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары