Жаңалықтар

Антарктидадағы ең алып мұздық еріп жатыр

Антарктидадағы ең алып мұздық еріп жатыр
Фото: © Pixabay.com 27.11.2023 05:17 4692

Британдық ғалымдар әлемдегі ең алып мұздық ери бастағанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – «А23а» деп аталатын Антарктидадағы мұздықтардың ең ірісі. Қазіргі уақытта ғалымдар 30 жыл қозғалмаған мұздықтың кенеттен еру себебін анықтауға кіріскен.

Соңғы уақытта адам баласының әрекетінен Жер бетіндегі температура артып, полюстегі мұздықтарға да қауіп төндіруде. Ғалымдартһ егер мұздықтың бәрі еріп, суға айналса, адам баласының аман қалуы екіталай деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға