Жаңалықтар

Әнші Сәкен Майғазиев жас қызбен көзге түсті

Әнші Сәкен Майғазиев жас қызбен көзге түсті
Фото: Видеодан кадр 24.01.2024 15:50 17232

"МузАрт" тобының әншісі, танымал жұлдыз Сәкен Майғазиевтің бейтаныс қызбен жүргені қызу талқыға түсті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Ал әншінің қасында жүрген қыз блогер Шахризада Серікова екені белгілі болды.

Бұйыртса, ертеңнен бастап әуетолқындардан, әлеуметтік желілерден Нұржан Асхатұлының сөзіне жазылған, Қуат Әбіловтің "Күлгенің қандай..." әнін тыңдай аласыздар, - деп жазды өнер иесі.

Әншінің оқырмандары бірден өз таңданыстарын жасырмай, пікір білдіріп жатыр. 

"Сәкеннің басы кеткен ғой мына қызындай қызға", "Әнді қайдам қарындастың сұлулығына сөз жоқ", "Келін қылып түсіріп алыңыз", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
 
Айта кетейік, танымал әнші Сәкен Майғазиев ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынын айтып, жақсы сөз айтудың маңызына тоқталған еді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға