Жаңалықтар

Әнші Наркенже Серікбаева тікелей эфирде жылап қалды

Әнші Наркенже Серікбаева тікелей эфирде жылап қалды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.11.2023 10:43 2800

Әнші Наркенже Серікбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонаққа келіп, ішіндегі сырын ақтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан бері біраз бұрын жолдасынан айырылып қалған өнер иесі соңғы уақытта өмірі өзгеріп шыға келгенін айтты. Әншінің сөзінше, ол мықты болуға тырысып келген. Дегенмен тікелей эфирге шыққанда көз жасына ерік берді.

Анама ештеңе көрсеткім келмеді. Анама ауыр тимесе екен дедім. Қазір экраннан көріп тұрғын шығар, жыламауға тырыстым. Халықтың алдына шыққан соң, көңілім босады. «Аллаға керек болды, алды» дедім. Халқыма ризамын, бәрінің қолдауын көріп, сезіп жатырмын. Бір қиналғанымда анам: «сен халықтың батасымен аман қалдың» деп еді. Қазір де сол қолдауын сезінемін. Айтқан жылы сөздерін естіп те көзіме жас келіп отыр, - деді әнші.

Естеріңізде болса, жақында Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін алғаш рет көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды. Өнер иесі қайғысын еңсеріп, өміріндегі ең ауыр кезеңді ән арқылы өткеруге тырысқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға