Жаңалықтар

Әнші Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісті

Әнші Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісті
Фото: Видеодан кадр 20.10.2023 16:51 2776

Жақында әнші Ерке Есмахан екінші рет ана атанады. Әнші бойындағы өзгерістер туралы оқырмандарына айтып берді, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

“Бөпеміз дүниеге келгенше ұйықтап алуға тырысып жүрміз. Бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал әкесінің ұйқысы жақсы. Менің қазіргі күйімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Алла шүкірден басқа айтарым жоқ.

Ерке босанатын уақытты асыға күтіп жүргенін атап өтті.

Жүрегімнің ішіндегі жүрегімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Мерзімім жақындаған сайын жату да ыңғайсыз. Бөпем де жыбырлақ. Қысқасы бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз. Мен негізі ұйқының адамымын. Іштен, қуықтан, өкпеден тепкілеп, ұйқымнан оятып, бұл кішкентай мені жеңіп тұр. Анау-мынауға жеңіле қоймайтын едім. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да, өзім ұйықтаймын деп отырмын. Қайдам бірақ, – деп жазды Ерке Есмахан.

Сондай-ақ барша қыз-келіншектерге ана болу бақытын тіледі.

Әкесі екеуіміздің басымыздан өтіп жатқан қызықты сәттермен бөліскім-ақ келеді. Бірақ еріншек Ерке озып тұр. Айтайын дегенім, әрбір қызға жүктілік кезеңінен өтіп, ана бақытын сезіну бұйырсын. Бақытты болыңыздар, – деп жазды әнші.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға