Жаңалықтар

Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 07.01.2024 21:33 521

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8.

Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға