Анна Данилина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

 ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ресейлік Ирина Хромачевамен бірлескен Данилина америкалықтар Дезире Кравчик пен Кэролайн Доулхайды жеңді. 

Есеп - 6:3, 6:4. 

1/8 айналымда Данилина мен Хромачева жұбы ұлыбританиялық Оливия Николас пен словакиялық Тереза Михаликова жұбымен кездеседі. 

Оқи отырыңыз