Анкалаев пен Теміров шоу жасады: UFC Fight Night 282-дегі ең жарқын сәттер

Анкалаев пен Теміров шоу жасады: UFC Fight Night 282-дегі ең жарқын сәттер
Фото: IG/ramazan_temurov©

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен UFC Fight Night 282 турнирі жанкүйерлерге әсерлі айқастар, мерзімінен бұрын аяқталған кездесулер және ТМД елдері спортшыларының табысты өнерін сыйлады.

Кештің басты кардында ресейлік Магомед Анкалаев (Ресей) өзбекстандық Богдан Гуськовты (Өзбекстан) техникалық нокаутпен жеңді.

Анкалаев басты жекпе-жекте сенімді болды

Жартылай ауыр салмақта өткен негізгі кездесуде Магомед Анкалаев бес раунд бойы жекпе-жекті толық бақылауында ұстады. Соңғы раундта ол қарсыласын партерге түсіріп, жойқын соққылар сериясын жасады. Төреші кездесуді тоқтатып, Анкалаевқа бесінші раундтың 2:41 минутында техникалық нокаутпен жеңіс берді.

Темировтың жарқын нокауты

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – өзбекстандық Рамазан Теміровтың (Өзбекстан) жеңісі болды. Ол бірінші раундтың 4:21 минутында бұрынғы чемпиондыққа үміткер австралиялық Стив Эрцегті (Аустралия) нокаутқа жіберіп, UFC-дегі жеңісті сериясын жалғастырды.

Аймақ спортшыларының табысты кеші

Турнирде ТМД елдерінің бірнеше өкілі жеңіске жетті. Магомед Зайнуков (Ресей), Магомед Тучалов (БАӘ), Нурулло Әлиев (Тәжікстан) және Абубакар Вагаев (Ресей) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетсе, Ризван Куниев (Ресей), Мұхаммад Саид (БАӘ) және Абдул Хуссейн (Финляндия) қарсыластарын мерзімінен бұрын тоқтатты.

UFC Fight Night 282 нәтижелері

Негізгі кард

  • Магомед Анкалаев (Ресей) – Богдан Гуськов (Өзбекстан): ТКО, 5-раунд (2:41);
  • Рамазан Темиров (Өзбекстан) – Стив Эрцег (Австралия): КО, 1-раунд (4:21);
  • Магомед Зайнуков (Ресей) – Дамиан Жепецки (Польша): бірауыздан шешіммен жеңіс;
  • Ризван Куниев (Ресей) – Тайрелл Форчун (АҚШ): ТКО, 3-раунд (1:12);
  • Абубакар Вагаев (Ресей) – Сайгид Изагахмаев (Ресей): бірауыздан шешіммен жеңіс;
  • Вальтер Уокер (Бразилия) – Томас Петерсен (АҚШ): сабмишн, 1-раунд (1:32).

Алдын ала кард

  • Мұхаммад Саид (БАӘ) – Дастин Джейкоби (АҚШ): ТКО, 2-раунд (4:49);
  • Сэм Паттерсон (Англия) – Сантьяго Понциниббио (Аргентина): ТКО, 2-раунд (3:06);
  • Аксель Сола (Франция) – Исмаэль Бонфим (Бразилия): сабмишн, 1-раунд (4:44);
  • Магомед Тучалов (БАӘ) – Брендсон Рибейро (Бразилия): бірауыздан шешіммен жеңіс;
  • Нурулло Әлиев (Тәжікстан) – Майк Дэвис (АҚШ): бірауыздан шешіммен жеңіс;
  • Абдул Хуссейн (Финляндия) – Коди Гибсон (АҚШ): сабмишн, 3-раунд (3:07).

Турнирдің бонустары

Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен файтерлерге 100 мың АҚШ доллары көлемінде бонус табысталды.

Оқи отырыңыз