Жаңалықтар

Англия мен «Арсеналдың» жұлдызды ойыншысы карьерасын аяқтайды

Англия мен «Арсеналдың» жұлдызды ойыншысы карьерасын аяқтайды
Фото: instagram.com/theowalcott 18.08.2023 15:21 794

Лондонның «Арсенал» клубының қорғаушысы Тео Уолкотт 34 жасында карьерасын аяқтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу видеосын жариялаған.

Уолкотт Англия премьер-лигасында 397 матч өткізіп, 80 гол соқты, сонымен қтара 56 нәтижелі пас берді.

«Саутгемптонның» тәрбиеленушісі. 2006 жылы «Арсенал» оны 12 млн фунт стерлингке сатып алды. «Арсенал» сапында Тео Англия кубогы мен екі рет Лига кубогын жеңді.

Сонымен қатар «Эвертон» клубында өнер көрсетіп, кейіннен «Саутгемптонға» оралды.

Тео Уолкотт Англия құрамасымен 47 матчқа қатысты. 2006 жылғы әлем біріншілігінде команданың ең жас ойыншысы болды. Ол кезде Теоның жасы 17 жастан 75 күн асқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға