Жаңалықтар

Ангелина Лукасқа Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берілді

Ангелина Лукасқа Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берілді
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997 29.03.2024 11:05 749

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылар құрамын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша, бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Тиісінше маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан, боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан бапкерлер алқасы Волосенконы да, оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны алдағы уақытта өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.

50 келі:

Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)

54 келі:

Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Сымбат Әлиасқар (2004)

66 келі:

Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)

75 келі:

Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға