Жаңалықтар

Ангелина Лукас Астанада өтетін спаррингтік жекпе-жекке қатыспайтын болды

Ангелина Лукас Астанада өтетін спаррингтік жекпе-жекке қатыспайтын болды
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997 02.04.2024 22:17 524

Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Астанада өтетін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылатын спаррингтік турнирге қатыспайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еліміздің бокс федерациясы мәлімдеді. 

Қазақстан бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері Астанада өтетін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылатын спаррингтік кездесулерге қатысу үшін боксшы Ангелина Лукасқа шақырту жіберді. Алайда Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы соңғы рейтингтік жекпе-жегін 30 наурызда Таиландта өткізгендіктен және 20 сәуірге тағы бір чемпиондық жекпе-жегі жоспарланып тұрғандықтан өткен айқастан кейін тынығып, алдағы жұдырықтасуына дайындалу қажет болады. Сондықтан Ангелина Лукас Астанада өтетін іріктеу спаррингтеріне қатыса алмайтындығы белгілі болып отыр. Өз тарапымыздан боксшыны өткен жекпе-жектегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы айқасына сәттілік тілейміз!", - деді бокс федерациясының баспасөз қызметі. 

 Ал Ангелина Лукас та өз кезегінде федерацияға алғыс айтып, маңызды жекпе-жекке дайындалып жатқанын жеткізді. 

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Ангелина Лукас және оның командасы, олимпиада комитеті мен бокс федерациясына көрсеткен қолдауы мен спаррингке шақырылымы үшін алғыс білдіреді. Қазіргі кезде Ангелинаның кәсіпқой бокстағы тығыз дайындық кестесі мен келісімге қол қоюына байланысты, 25-сәуірге дейін әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жектің шығуы тиіс. Жаңа басшылықтың келуімен ҚБФ-да айтарлықтай өзгерістер байқалуда. Ангелина және оның командасы жұмыстарыңызға жеміс тілейді, - деп жазылған боксшының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға