Жаңалықтар

Андрей Кораблев: Президент сайлауы тұрақтылықты қажет ететін басты факторлардың бірі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасы туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл шешімді дұрыс деп санаймын және оны қолдаймын.
Андрей Кораблев: Президент сайлауы тұрақтылықты қажет ететін басты факторлардың бірі
11.04.2019 12:54 1756

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасы туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл шешімді дұрыс деп санаймын және оны қолдаймын.

Еліміздің Конституциясына сәйкес Президент сайлауы тұрақтылықты қажет ететін басты факторлардың бірі.

Бұдан бұрын Елбасы атап өткендей, Қазақстан дамудың революциялық жолы емес, эволюциялық жолымен жүріп келеді.

Мен маусым айында белгіленген сайлау тыныш, демократиялық жағдайда өтіп, адал әрі ашық болады деп сенемін. 

Барлық қазақстандықтарды Президент сайлауына қатысуға және біз демократиялық елде тұратынымызды бүкіл әлемге тағы да дәлелдеуге шақырамын.

Біз еркін және дамыған елде өмір сүргіміз келеді. Сондай-ақ ертеңгі күнге сеніммен қарап, біздің балаларымыз үшін Қазақстанның болашағын бірге салғымыз келеді.

Андрей Кораблев,

«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға