pexels.com

Анасының жасы бала денсаулығына қалай әсер етеді?

24.06.2025 15:34 623

Соңғы жылдары 40 жастан асқан әйелдердің босануы жиілеп барады. Швецияда жүргізілген жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ана жасы ұлғайған сайын жаңа туған сәбиде асқыну қаупі де артады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әсіресе бұл 45 жастан асқан аналар арасында анық байқалады.

Зерттеу Acta Paediatrica ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар 2010–2022 жылдар аралығында Швецияда болған 312 221 босану жағдайын зерттеген. Бұл деректердің барлығы 34 жастан асқан әйелдердің бір баланы дүниеге әкелуімен байланысты. Зерттеу аясында аналар үш жас тобына бөлінді: 35–39 жас (бақылау тобы), 40–44 жас және 45 жастан жоғары.

Зерттеу жетекшісі София Восс түсіндіргендей, күрделі босану асқынулары жалпы алғанда сирек кездеседі. Алайда 40 жастан асқан аналардың балалары келесі қауіптерге жиірек тап болған:

  • мерзімінен бұрын босану;
  • туабітті салмағының аз болуы;
  • қандағы қант деңгейінің төмендігі;
  • тіпті өлі туу жағдайлары.

Мысалы, өлі туу көрсеткіші 45+ жастағы әйелдерде 0,83% болған. Бұл 35–39 жастағы топпен салыстырғанда (0,42%) шамамен екі есе жоғары. Мерзімінен бұрын босану жиілігі де ана жасының өсуімен арта түскен:

  • 35–39 жаста — 4,8%,
  • 40–44 жаста — 6,1%,
  • 45+ жаста — 8,4%.

Ғалымдардың айтуынша, бұл нәтижелер денсаулық сақтау саласына жасы үлкен жүкті әйелдерді бақылауды нақты жоспарлауға көмектеседі.

Әйелдер жүктілікті жоспарлау кезінде объективті ақпарат алуы маңызды. Бұл — саналы шешім қабылдауға және ықтимал қауіптерді азайтуға көмектеседі, — дейді София Восс.

Бұған дейін ақпан айында қайтыс болған әйел балалы болғаны туралы жазған едік.