Жаңалықтар

Анасын балағаттаған шымкенттік жауапқа тартылды

Анасын балағаттаған шымкенттік жауапқа тартылды
Фото: Видеодан кадр 25.01.2024 08:07 550

Шымкентте ішімдікке сылқия тойып алып, анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішімдік ішіп, үйдің берекесін алғанына шыдамаған қарт кісі полицияға өзі хабарласқан.

Тәртіп сақшылары заң бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша хаттама толтырды. Оның мінез-құлқына ерекше талап қойылды. Бұдан өзге полиция хабарлауынша, тәртіп сақшылары сағат 21:00-ден кейін ішімдік сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылды.

Ішімдік ішіп, анасын балағаттаған тұрғын ішкі істер органының есебіне қойылды. Алдағы уақытта наркологиялық диспансерде ем қабылдайтын болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға