Жаңалықтар

«Ана тілін меңгеріп жатырмын». Жаңа министр 1,5 жылда қазақ тілін үйренуге уәде берді

«Ана тілін меңгеріп жатырмын». Жаңа министр 1,5 жылда қазақ тілін үйренуге уәде берді
Фото: gov.kz 12.10.2023 16:40 1493

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 18 ай ішінде қазақ тілін толық меңгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізген брифингте журналист Қанат Шарлапаевқа «Біз, қазақ тілді тілшілер, өзіміздің тілімізде ақпарат алып, жаңалық жазғымыз келеді. Қашан мемлекеттік тілде сөйлеп, жауап бересіз?» деп сұрақ қойды.

Бұл – өте қиын сұрақ. Мемлекеттік тілді 100 пайыз білмейтін адамдар бар. Мен өзімді олардың қатарына қосамын. Сіздің пікіріңіз өте орынды. Түрлі елде ұзақ уақыт өткіздім. Мен ешқашан тіл үйренуге тырысатын адамдарға мұндай теріс көзқараспен қарағанын көрген емеспін, - деп жауап берді Қанат Бисимбайұлы.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, сөздік қоры көп емес.

Кейбір әріптестеріме қарағанда, мен тілді үйренуге тырысып жүрмін. «Қанша тырыссаң да саған теріс көзқараспен қараймын» деп айту қате деп есептеймін. Қай жерге барсаңыз да, қытай тілінде 2 сөз, жапон тілінде 3 сөз, ағылшын тілінде 3-4 сөз айтсаңыз, сізге түсіністікпен қарайтын болады. Мемлекеттік тілде өз ойымды үнемі толық жеткізе алмаған кезде теріс көзқараспен қарайтын жалғыз мемлекет. Қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақша жауап беруге тырысамын. Сіздерге тағы да 18 айдан кейін көңілдеріңіз толатын тілде жауап беруге кепілдік беремін, - деді министр.

Қанат Бисимбайұлы қазақ тілінде нашар сөйлейтін адамдардың бар екенін атап өтті.

Мен өзім қазақпын. Бірақ жақсы сөйлемейтін қаншама адам бар, бәрі қазақша сөйлеуге тырысады. Қазақша сөйлеуге тырысамын. Журналистерге маған қазақша сұрақ қоятындарына ризамын. Бірақ сабыр етейік. Маған кішкене қиын екені көрініп тұр. Өзімнің тілімді меңгеріп жатырмын. Мен мұнымен жұмыс істеуімді тоқтатпаймын, - деді Қанат Шарлапаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға