Жаңалықтар

Анаға тағзым

Анаға тағзым
27.09.2018 12:19 3001

       Ана – ұлттың мұрагері ұрпақты тәрбиелейтін, отбасының ғана емес, ұлттың ұйытқысы болар ардақты тұлға. Қоғамдағы әйел-ананың мәртебесін, құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан алғашқы  «Анаға тағзым» слетінің берер ғибраты мол.

 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен алқалы жиында қазіргі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланың тәрбиесі, отанның іргетасы отбасылардың беріктігіні сақтау мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын отбасылық құндылықтарға аударту, олардың нақты жолдары мен шешімдерін жасақтау мақсатында Ақтөбеде Қазақстандағы тұңғыш «аналарға тағзым» рухани – тәрбие беру орталығы мен аналар аллеясы ашылды. Игі бастаманың орталығы аналар алдындағы парызды өтеудің бір көрінісі іспетті. Бұл орталықта ардақты аналарымыздың ерліктері, өнегелі істері, көп бала өсіріп, өмірі өзгелерге үлгі болған аналар туралы, олардың бала тәрбиесіндегі озық болған тәжірибелері жайлы материалдар жинақталып, болашақ ұрпаққа тәлім – тәрбие беретін үлкен мұражай жасақталды.

Слетке Ақмола облысының әкімінің орынбасары Айна Мусралимова басшылығымен Ақмола облыстық  Қазақстан Ассамблеясы жанынан құрылған «Аналар кеңесі» төрайымы Зере Киікова бастаған кеңес мүшелері елімізде алғашқы рет өтіп отырған слетке делегат болып қатысты.

Слет барысында Қоғамдық келісім үйінде Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» -мен Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» төрайымы З. Киікова бастаған кеңес мүшелерімен бірлескен отырыс болып өтті. Отырыста қолөнер бұйымдарынан көрме қойылып, өзара тәжірибелерімен алмасты. Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» төрайымы Зере Киікова атқарылып жатқан жұмыстар, мәселенің қоғамдағы өзектілігі жайлы өз ой пікірлерін ортаға салды. Отырыс ары қарай Ақтөбе қалалық №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушыларының, ата-аналарының  қатысумен жалғасты. Дөңгелек үстелде сөз алған Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» төрайымы Зере Еспайқызы өзінің «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасы аясында балабақшадан бастап, ЖОО-на дейін қыздар клубын ашып, әрбір білім беру мекемесінде ұлттық менталитетімізге сай, салт-дәстүрімізге, қазақы иба-инабаттылыққа баулитын орталықтар өз жұмыстарын жүргізіп отырғаны  жайлы айта келіп: «Ел болам десең, бесігіңді түзе ...» — деп Мұхтар Әуезов айтқандай, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ертеңгі ана болар, қыз баланың тәрбиесі жөнінде  ғибраты мол әңгіме өрбітті.

Мемлекет Басшысының ана мен баланы қолдауға бағытталған саясатын қолдай отыра, отбасының басты құндылық екендігін, қоғам мен мемлекет үшін жаңа буынды рухани-адамгершілік бағытта  тәрбиелеу мақсатында бірлескен белсенді жұмыстар  атқару үшін «Анаға тағзым» слетінің қатысушылары бірауыздан үндеу қабылдады. Осы үндеуді барлық қазақстандықтарды қолдауға шақырамыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға