29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАбай облысындағы өрт үшін кінәлілер жазаланады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.
Роман Склярға «министрлер кабинеті бұл оқиғаға өздерін кінәлі сезіне ме?» деген сұрақ қойылды.
Барлық сала бойынша мен жауаптымын, - деді Скляр.
Ал «экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?» деген сұраққа ол былай жауап берді.
Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлі адамның жауапкершілігі анықталады, - деді ол.
Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің жауапқа тартылуы туралы сұраққа Роман Скляр «Семей орманы» резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтынын айтты.
Бұл – министрліктің құрылымдық бөлімі. Өрт жылдам өршіп кетті. Жағдай дұрыс бағаланбады, - деді Роман Скляр.
Сондай-ақ ол «Семей орманы» резерваты Экология министрлігінің құзырында, сондықтан өңірдегі жағдайға ведомство өкілдері жауапты екенін атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек