Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТанымал блогер Айжан Байзақованың туған інісі Әлихан Байзақовтың бейнежазба түсірем деп басы дауға қалды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның әзілі желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырды. Әлихан өзінің Instagram парақшасына сүйіктісі үйлену ұсынысынан бас тартса, оны ұрып тастайтынын меңзеп, видео түсіріп, жүктеген. Осыдан кейін оны желі қолданушылары «зорлық-зомбылықты үгіттеп жатырсыз» деп айыптады.
Жұрттың ызасын келтірген бейнежазба Алматының танымал жаттығу залдарының бірінде түсірілген. Жаттығу залының өкілдері осыдан кейін-ақ, Әлихан Байзақовпен келісімшартты үзгенін жеткізді. Тіпті, аталған видеоны өшіруін талап еткен.
Біздің клиенттеріміз келісімшартқа сәйкес, әлеуметтік тәртіп ережелерін бірдей ұстану қажет. Әлихан Байзақов ережені ұстанбағандықтан енді сәйкесінше біздің залдарымызда жаттыға алмайды, - делінген жаттығу залының ресми хабарламада.
Алайда, блогер бейнежазбаны өшіруден бас тартыпты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады