30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысында So-kyokushin kaikan karate түрінен облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық додаға өңірдің әртүрлі аудандарынан 120-дан астам жас спортшы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, каратэ – тәртіпке, өз-өзіне сенім мен құрметке баулитын спорт түрі ретінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрестің символына айналды.
Турнир соңында Абай облысы Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Виталий Каверин қатысушылар мен олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Ол тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан зардап шеккендерге көмек көрсету және қорғау шаралары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.
Мұндай іс-шаралар спортты дамыту тұрғысынан ғана емес, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді жолы ретінде де аса маңызды, – деді Виталий Каверин.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды