Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАйтыскер ақын Балғынбек Имашов Жүрсін Ерманға деген өкпесі барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балғынбек Имаш Жүрсін Ерманның сұхбат бергенде келісілмеген әңгімені айтып жіберетінін жеткізді.
Біз айтысқа бармаған кезде Жүрсін Ерман "мыналардың бәрі дінге кетіп қалды","домбыра харам" деп айтты деп сұхбат бере салады. Оның өзінің тактикасы сондай. Мысалы, айтысқа демеуші іздеп, кәсіпкерге барады. Кәсіпкер ойланайын десе, келесі күні сұхбатта "демеушіміз осы кісі" деп айтып жібереді. Кәсіпкер "аға, сізге ойланайын" дедім ғой деп хабарласса, "ойбу, онда бермейтін болды деп кері сұхбат берейін" дейді. Сосын ана кәсіпкер "керек емес" дейді. Тура бізде де солай, - деді ол "Talklike" бағдарламасында.
Айтуынша, Жүрсін Ерманның берген сұхбаттарынан зардап шеккен.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас" дейді ғой. Ол кісінің сөздерін көңілге алмай жүретінбіз. Сондай сұхбаттары бізге зиян беріп жатыр. Ылғи мен, Жандарбек, Айнұр, Сара төртеумізді айтады, - дейді Балғынбек Имаш.
Сондай-ақ айтыскер ақын Балғынбек Имаш «Дикий Арманды» танымайтынын айтты.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар