Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада сексуалдық құлдықта болған 16 жастағы оқушының ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады. Сотталушылар орнында тоғыз адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар.
Сот отырыстары жабық режимде өтті. Айыпталушылар 4 жыл 8 айдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің:
194-бабы (Ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау),
110-бабы (Кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау),
134-бабы (Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту) бойынша қарады.
Сотталушылардың кінәсі оқиға орнын тексеру хаттамалары, заттар мен құжаттар, бейнежазбалар, WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар, банк шоттарынан алынған үзінді көшірмелер, сараптама қорытындылары, сондай-ақ жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденді.
Кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Б.А., Т.Ұ. және Қ.А. 4 жыл 8 айға сотталды.
Т.А., Б.А. және Т.Д. қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – деп мәлімдеді сот әкімшісі Даурен Таиров.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?