Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚМДБ Шариғат және пәтуалар бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы хэллоуин мерекесі исламға да, қазаққа да қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хэллоуин – жындардың мейрамы, оның дінімізге де, қазаққа да қатысы жоқ. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салған. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кәпір қауым сияқты болмауды ескерткен. Ибн Омар (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан болады, – делінген жазбада.
Айта кетейік, жыл сайын 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні әлемде Хэллоуин мерекесі тойланады. Сан түрлі бейнедегі костюмдер, асқабақтан ойылған символдар құрлық асып біздің елге де жеткендей. Асқабақ астық жинау науқанының аяқталуымен қатар, жын-пері мен оны үркітетін отты да білдіреді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары