10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет басшысы Олжас Бектенов жаздың бірінші айы аяқталуға жақын, алайда жылу нысандарындағы жөндеу мерзімдерінің сақталмауы алаңдаушылық туғызып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің сөзінше, Екібастұз жылу орталығында жөндеу жұмыстарын бастау мерзімі мамыр айынан маусымның соңына ауыстырылған.
Теміртауда екінші жылу орталығындағы №2 қазандықты жөндеу жұмыстары сәуір айынан бері басталмай тұр. Ондағы турбиналарды күрделі жөндеу жұмыстары да аяқсыз қалуы мүмкін. Мамырдың 13-інде басталуға тиіс болған Тараздың №4 жылу электр орталығындағы №1 турбинаны жөндеу жұмыстарынан да әлі күнге мардымды жауап жоқ, – деді Бектенов.
Үкімет басшысы Жезқазғандағы жылу электр орталығының №5 қазандығы маусым айынан бастап қана жөндеуге қойылғанын атап өтті.
Жеке жабдықты жөндеу жұмыстарын тіпті жыл соңында ауыстыру жоспарлануда. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Еліміздің барлық өңірінен келтіруге болады. Биыл мамыр айының басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімдерін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға болмайтынын тапсырғанмын. Алайда оператор KEGOC бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесін меншік иелері өз беттерінше өзгертуін доғармай отыр, – деді премьер-министр Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы жылу желілерін жаңғырту қарқыны да төмен екенін, әзірге жоспарланған жұмыс көлемінің 25%-ы да орындалмағанын айтты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді