Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың туған күні. Туған күніне орай танымал журналист күйеуіне жан тебірентер жазба арнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыламаймын деп сөз бердім ғой, арасында сөзімде тұра алмай қаламын... Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан «ортаның гүлі» дейтін Қайрекең… Сен қасымда болғанда езуім жиылмайтын, ойнайтынмын, сенімен сырласып, кейде бір тоқтамай ішегіміз түйілгенше күлетінбіз. «Болды, қойшы» дегенде, «не болды, бензинің таусылды ма? Блютузыңды қоссайш» деп одан сайын әкететін еді. Қазір де жазып отырып еріксіз жымиюдамын... Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік… 58-ге толдың деп, толассыз тілек тыңдар едік, - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев былтыр 6 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді