Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұл туралы «Аманат» партиясы ғимаратында заңсыз иемденілген активтерді қайтару тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жыл соңына дейін мемлекетке 180 миллиард теңге заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Мұның ішінде машина, ақша да бар. Бұл Франция, Түркия, тағы басқа елдерден келеді. Активтерді елге ақша түрінде қайтару көзделген. Ал 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Антикорға 857 миллиард теңге қайтарылды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастығы Қанат Сүлейменов.
Ал әділет вице-министрі Алма Мұқанова бүгінгі таңда бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылғанын, оның жұмысы басталғанын атап өтті және заңсыз активтерді иеленген тұлғалардың есімдері механизм бойынша әлі айтылмайтынын, анықталып жатқанын айтты.
Қазіргі комитеттің ең басты мақсаты - ол осы реестрге тұлғалардың тізімін анықтап қосуға ұсыну. Осы жұмысты енді бастап жасап жатыр. Біртіндеп комиссияға осы ұсыныстарды енгізетін болады. Комиссия әр азаматқа қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Қыркүйек айында тізімге қосылатын тұлғалардың аттары белгілі болады деп, бір де бір лауазымды тұлға айтқан жоқ. Тізім қазір жасалу барысында, - деді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді