20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Парламентінің Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе хирургиялық бейіндегі өлім қаупі бар мамандарға қозғалады», - деді министр.
Олардың ішінде акушер-гинекологтарға 14, хирургтарге 14, травматологтарға 8, анестезиологтарға 6 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
«Зардап шеккендердің пайдасына моральдық және материалдық залал өтемақысын төлеудің жалпы мөлшері 40 миллион теңгеден асты. Сақтандыру төлемдері соттың шешімі бойынша сақтандыру полисі болған кезде жүзеге асырылады, қылмыстық жауаптылық танылған жағдайда төленбейді. Осылайша, медициналық инцидент туындаған кезде медицина қызметкері жалақысының деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді», - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерінің жазасын жеңілдеу бойынша заң жобасын ұсынған болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?