20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5 пайызға, қаза тапқандар саны 8,4 пайызға азайған.
Десе де, халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласындағы ауқымды проблемалардың сақталғанын айғақтайды – әлемде жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиға және 2 миллион астам адамның өмірін қиған 160 млн кәсіби ауру тіркеледі.
Ал Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1500-ден астам жазатайым оқиғаға жол беріледі, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады.
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 16,2%, құрылыс саласында – 15% байқалады. Қазіргі кезде 386 мыңнан астам жұмыскерлер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Шу мен діріл деңгейінің жоғарылауы жағдайында әрбір екінші (46,8%), жұмыс аймағының газдануы мен шаңдануының жоғарылауы – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температура режимінде – әрбір алтыншы (16,7%) адам жұмыс істейді. Ауыр дене еңбегімен 102,7 мың (6,1%) жұмысшы айналысады, – делінген министрлік хабарламасында.
2022 жылы 680 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін түрлі өтемақы алды. Осы мақсаттарға жұмыс берушілер 207,6 миллиард теңге бөлді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық.
2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 119 лауазымды адам атқаратын лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар бойынша 1094 материал жіберілді, олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында 7061 өндірістік объектіні аттестаттау өткізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?