Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ды құрады.
Негізгі салалардың барлығында оң динамика тіркеліп отыр, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады, - деді министр.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі де өскен. Ол 5,1% құрады. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2%-ға жоғарылады.
Министр құрылыс жұмыстарының көлемі 15,4% артқанын айтты. 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9% жоғары.
Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды