Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысында 2023 жыл басынан бері жол апатынан 24 адам бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі өңір бойынша биыл 145 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін ресми мәлімдеді. Апат кесірінен 24 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алған. 2023 жылдың басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені де анықталып отыр.
Семей қаласында көлік қағып кеткен 5 жаяу жүргінші мерт болған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі – тұрғындардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі және көліктердің жылдамдық режимін сақтамауы. Адамдар жолдан өтерде тіпті айналасына қарамай-ақ жүгіріп шығады. Жүргізуші көлік жылдамдығын тежеп үлгере алмай қалуы мүмкін, - деп жазылған Абай облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақрпаратта.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді