30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖыл басталғалы әскерде 9 суицид жасау фактісі тіркелді. Толығырақ Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл келісімшарт бойынша жұмыс істеген 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Өкінішке қарай, одан бөлек 2 курсант суицид жасады. Олар әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыды. Біреуі демалыста жүргенде мерт болды, себеп - махаббат. Ал екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған. Біреуі бесінші курста, екіншісі бірінші курста оқып жатты, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ, вице-министр әскердегі суицидке кім жауапты деген сауалға пікір білдірді.
Бұл жерде әр суицидтік жағдайды бөлек қарау керек. Отбасылық-тұрмыстық, қаржылық проблемалардың салдарынан жасалған суицид негізінен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер арасында болады. Бұл жерде командирлердің кінәсі жоқ. Ал әскери міндетін өтеуші сарбаздар үшін командирлер толық жауапты, - дейді министрдің орынбасары.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды