Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осы жылдың басынан 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кеткенін мәлім етті, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, халықты қорғау бойынша қабылданған шаралары өзінің нәтижесін көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайған.
Қазіргі таңда су айдындарында министрліктің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз, – деді Әрінов.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құтқару бөлімшелерін жабдықтауға қатысты мәселелер барын, қолда бар қайықтардың көбі жарамсыз күйде екенін айтты.
Қазіргі уақытта заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алудамыз. Суға батып кеткендердің 95%-і тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан-жылға ұлғайтудамыз. Бала өлімінің басты себебі – ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы. Осыған байланысты біз балалар лагерьлерінің тәрбиешілерімен және ата-аналарымен нұсқаулықтар өткіземіз, – деді Әрінов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?