Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда6 деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 100 мыңға жуық оқушы жоба аясында салынған 57 жаңа форматтағы мектепте білім алуды бастады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.
Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы жылдардағы типтік ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Барлық кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілген еді. Жалпы ұлттық жоба аясында барлығы 217 мектеп салу жоспарлануда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді