Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОрал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған.
Алаяқтың құрбаны 15-тен астам адам болды, залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан.
Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізген тұрғаны өмір бобйына жүргізу куәлігінен айырылғанын жазған едік
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді