22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұл туралы журналист, блогер Динара Сәтжан қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Журналистика – жұмысыңа деген махаббат. Кейіпкеріңді толыққанды танып білуге, зерттеуге деген қызығушылық және сол арқылы қызықты материал дайындап шығу. Сондықтан телеарнада, радиода, газетте жұмыс істейтін журналистерге заман ағымынан қалмауға тырысуы керек. Яғни тілшілер ақпарат таратып қана қоймай, әлеуметтік желілерде парақшасын ашып, оны қызықты етіп жүргізуі қажет, - деді журналист.
Сондай-ақ Динара Сәтжан тілшілерге телеграм, инстаграмнан бөлек, тиктокқа да көңіл бөлу керектігін айтады. Оның сөзінше, тикток көпшілік арасында кеңінен таралған әлеуметтік желілердің бірі.
Пандемия басталмас бұрын қызықты сұхбатты тек телеарнаға барып, эфирде ғана өткізуге болады деп ойлайтынмын. Алайда пандемия кезінде ешқайда шықпай-ақ, үйден ерекше сұхбатты дайындауға болатынына көзім жетті. Сол кездері телефонмен тікелей эфирге кіріп, ерекше кейіпкерлермен сұхбат жүргізгенде, үйде отырғанымды ұмытып та кететін едім. Сондықтан сіз қарапайым ғана тілші болып қалғыңыз келмесе, заман ағымына сай жұмыс істеуіңіз керек, - деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев