29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбеде көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды El.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 маусымда Қонаев көшесінде Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Кейін жайу жүргінші алған жарақаттарынан кейін қайтыс болды.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек