Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысы Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, ата-аналар балаларға кеш өткізу үшін коттедж жалдап берген. Мерекелік кеш кезінде сыныптастар арасында жанжал туындаған. Ұлдардың бірі өз құрдасының сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур сұғып алған. Оқиға орнында жәбірленуші көз жұмған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті деп танылған марқұмның сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған оқиға бойынша адам өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция білім басқармасына өз құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс берді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады