Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекNetflix платформасындағы «Еріктестер» телехикаясы арқылы танылған 11 жастағы актриса Миллена Брандао 2 мамыр күні бірнеше рет жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресми дерек бойынша, өлімнің нақты себебі жарияланбағанымен, бірқатар ақпарат көздері Милленаның қайтыс болар алдында кем дегенде 13 рет жүрек тоқтауын бастан кешіргенін жазады.
Қыздың анасы өз блогында былай деп жазды: «Сен менің өмірімнің жарығы едің. Енді жоғарыдан мені бақылап, өмірімді жарықтандыра бересің. Мен сені мәңгі сүйемін!»
Splash басылымының мәліметінше, Миллена Брандао алғаш рет Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы клиникаға 28 сәуір күні түскен. Ол дене қызуы, бүкіл дененің ауырсынуы мен бас ауруына шағымданған. Дәрігерлер оған дәрі-дәрмек жазып, үйіне қайтарған. Алайда келесі күні оның жағдайы күрт нашарлап, ол ауруханаға қайта жатқызылған. Сол уақыттан бастап Миллена дәрігерлердің бақылауында болған, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта қалалық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар қыздың ата-анасы полицияға арыз түсірді. Отбасының адвокаты Антонио Карлос Нетоның айтуынша, дәрігерлердің салғырттығы трагедияға себеп болуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?