Жаңалықтар

Жұмысқа бейімделу: колледж түлектері маңызды дағдыларды меңгерді

25.11.2025 16:37
Ақмарал Ағзамқызы
Фото: El.kz

25 қарашада Саран техникалық колледжінде бітіруші топ студенттеріне арналған «Еңбек ұжымына бейімделу және социализация» тақырыбындағы кешенді тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттердің оқу орнынан кәсіби ортаға сенімді түрде өтуіне қажетті дағдыларды қалыптастыру, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жыл сайын жас мамандардың жұмысқа орналасу кезеңінде қиындықтарға жиі тап болатыны белгілі. Осыны ескерген Саран техникалық колледжі түлектерге кәсіби ортадағы алғашқы қадамдарын барынша жеңілдету үшін арнайы практикалық бағдарлама әзірлеген. Тренингтің басты мақсаты - студенттердің еңбек ұжымына жылдам бейімделуіне, коммуникациялық дағдыларын дамытуға және кәсіби мінез-құлықтың негізгі қағидаларын меңгеруіне көмектесу.

Іс-шара барысында қатысушылар бірқатар маңызды тақырыптарды қамтыды:

Бұл дағдылар студенттердің алғашқы жұмыс орнында ғана емес, бүкіл еңбек жолында маңызы зор екеніне тренерлер ерекше тоқталды.

Тренинг тек теориямен шектелмей, практикалық бөлімдермен толықты. Қатысушылар нақты өмірлік жағдайларға негізделген кейстерді талдап, командалық тапсырмалар орындады, пікірталастарға белсенді қатысып, «Жұмыстағы алғашқы күн» атты рөлдік ойын арқылы өздерін жас маман рөлінде сынап көрді. Рөлдік ойын барысында студенттер жаңа ортаға бейімделіп, алғашқы тапсырмалар, әдепті байланыс және жұмыс орнындағы түрлі сценарийлерді шешу жолдарын іс жүзінде пысықтады.

Тренинг қорытындысында қатысушылар жаңа ортада өзін қалай ұстау керектігі, кәсіби қарым-қатынасты қалай құру, конфликтілерден қалай аулақ болу және жетекшілікпен дұрыс байланыс орнату секілді маңызды бағыттарда нақты білім алды.

Колледж әкімшілігінің айтуынша, мұндай тренингтер жас мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың кәсіби ортада тез бейімделуіне маңызды әсер етеді.

Оқи отырыңыз