Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАдамның биоритміне сәйкес, сәрсенбі аптаның ең тиімді жұмыс күні болып саналады, ал бейсенбі – өнімділік жағы ең төмен күн. Бұл туралы РАН академигі Геннадий Онищенко РИА Новости сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, апталық биоритмге сәйкес, жұмыс қабілеті дүйсенбі мен сейсенбіде біртіндеп артып, сәрсенбіде ең жоғары деңгейіне жетеді.
Биоритм бойынша ең тиімді күн – сәрсенбі. Демалыстан кейін дүйсенбі мен сейсенбіде энергия көтеріледі, ал сәрсенбіде өнімділік шегіне жетеді. Одан кейін күрт төмендеу байқалады, - деді Онищенко.
Академик бұл заңдылықты мектеп бағдарламасында да ескеру қажеттігін айтты. Ол бейсенбіде күрделі пәндер мен бақылау жұмыстарын өткізуден бас тартуға кеңес берді.
Бейсенбі күнгі сабақ кестесін жеңілдету керек. Сол күні ауыр пәндер мен алты-жеті сабақтық күн болмауы тиіс, - деді сарапшы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді