Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖыл басынан бері жұмыс күші тапшы өңірлерге басқа өңірлерден 1300-ден астам отбасы көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті жұмыспен қамту органдары «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындары аясында 947 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған.
Жыл басынан бері жұмыс күші тапшы өңірлерге басқа өңірлерден 1300-ден астам отбасы көшірілді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар көшіп келушілердің жаңа жерде тұрақтап қалуға мүдделі болуы үшін олардың бейімделуіне көбірек көңіл бөлу қажет. 1 шілдеден бастап өңірлерде Еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмыс істей бастады. Бүкіл республика бойынша жұмыс орындарының бірыңғай базасы құрылуда. Бұл азаматтардың қала немесе аудан шегінде ғана емес, сондай-ақ өз облысында немесе одан тысқары жерлердегі бос жұмыс орындарына жұмысқа тұруына мүмкіндік береді, - деді Смайылов.
Оқи отырыңыз:
Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, өз ісін дамыту үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Соған орай бүгінде 5 мыңнан астам грант және жастарға 1,5 мыңнан астам микрокредит берілді. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 %-пен жеңілдетілген кредит берілген. Бұл шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?