20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын мәлімдеді. Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды.
Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз.
Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да, - деді Олжас Бектенов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?